Categories Саясат

Биыл елімізде адам саудасына қатысты 72 қылмыс тіркелді

Сурет: Коллажды жасаған Зауреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Ішкі істер министрлігінде адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің, сондай-ақ Халықаралық көші-қон ұйымы, ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста адам саудасының алдын алу, қылмыстарды анықтау және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтарын қорғау, жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейту және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қанаудың барлық түрлері үшін жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері елімізде адам саудасына байланысты 72 қылмыс тіркелген.

Министрлік өкілдері соңғы уақытта адам саудасының дәстүрлі түрлерімен қатар, азаматтарды кибералаяқтыққа, есірткі тасымалына, ұрлыққа, заңсыз көші-қонға және басқа да қылмыстық әрекеттерге тарту жағдайларының көбейіп келе жатқанын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына амалсыз түсетінін айтты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров алдағы республика басшысын сайлауға «Единая Россия» партиясынан кандидат ретінде ұсынылғаннан кейін,…

Более 87% казахстанцев поддерживают политический курс страны

Компания DATAmetrics представила результаты социологического исследования, проведенного с 13 июня по 2 июля 2026 года…

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің…