Categories Қаржы

Газ бағасы тағы көтеріледі: вице-премьер себебін айтты

Қазақстанда газ бен сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын қайта көтеру жоспарланып отыр. Бұл шара газ өндірісін арттырып, салаға инвестор тарту үшін қажет, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі баға – нарықтық емес. Ол өндірушілердің шығынын жаппайды, сондықтан жаңа инвестициялар келмейді. «Газ өндіру тиімсіз болса, онда оны ешкім шығармайды. Ал бізге өндірісті ұлғайту керек», – деді вице-премьер.

«Біз көтерме бағаны біртіндеп нарықтық деңгейге жеткізуіміз керек. Әйтпесе, газ тапшылығы туындауы мүмкін», – деп ескертті Жұманғарин.

Бұл – биылғы жылы газ бағасын көтеру жөніндегі екінші мәлімдеме. Бұған дейін де Үкімет бағаны реттеуді азайтуды ұсынған болатын. Алайда дәл қанша пайызға өсетіні әзірге белгісіз.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады.

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…