Сурет: Egemen Qazaqstan
28 маусым, жексенбі күні Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел – 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел – 8–13 м/с. Температура түнде +22…+24°C, күндіз +37…+39°C.
Ақтауда бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел – 9–14 м/с, түнде екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +18…+20°C, күндіз +23…+25°C.
Ақтөбеде түнде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел – 5–10 м/с. Температура түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C.
Атырауда күннің соңына қарай аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел – 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +17…+19°C, күндіз +27…+29°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Жел – 9–14 м/с. Температура түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.
Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел – 7–12 м/с. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.
Көкшетауда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел – 9–14 м/с. Температура түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз. Жел – 9–14 м/с. Температура түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.
Қостанайда түнде тұман, күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел – 9–14 м/с. Температура түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай және дауылды жел болуы мүмкін. Жел – 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +23…+25°C, күндіз +36…+38°C.
Павлодарда күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел – 9–14 м/с. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.
Петропавлда түнде және таңертең тұман, түнде жаңбыр, найзағай және бұршақ болады. Күндіз жауын-шашынсыз. Жел – 9–14 м/с. Температура түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.
Семейде күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел – 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +17…+19°C, күндіз +35…+37°C.
Талдықорғанда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел – 7–12 м/с. Температура түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.
Таразда жауын-шашынсыз. Жел – 9–14 м/с. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз. Жел – 8–13 м/с. Температура түнде +23…+25°C, күндіз +39…+41°C.
Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел – 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.
Өскеменде жауын-шашынсыз. Жел – 4–9 м/с. Температура түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C.

