Categories Спорт

2026 жылғы әлем чемпионаты: үшінші ойын күнінің кестесі жарияланды

Сурет: Ашық дереккөз

2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші ойын күнінде топтық кезеңнің бірінші турында тағы төрт кездесу өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

B тобында Катар мен Швейцария арасындағы матч «Сан-Франциско Бэй Эриа» стадионында Астана уақытымен 00:00-де басталады. С тобында Бразилия Мароккомен кездеседі, ойын 03:00-ге жоспарланған. Гаити мен Шотландия арасындағы кездесу таңғы сағат 06:00-де өтеді.

D тобында Аустралия мен Түркия матчы үшінші ойын күнін аяқтайды. Ол Астана уақытымен 14 маусым күні 09:00-де басталады.

Ұқсас жазбалар

Унаи Симон әлем чемпионатында 519 минут гол жібермей рекорд жаңартты

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон әлем чемпионаттары тарихында ең ұзақ уақыт гол жібермеген голкипер атанды.

Криштиану Роналду әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Криштиану Роналду әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды.

Швейцария Алжирді 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Әлем чемпионатының 1/16 плей-офф кезеңінде Швейцария құрамасы Алжирді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.