Categories Жайық news

Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті 

Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей Ордасы ауданының Хан ордасы ауылында «Bokei Orda Trail — 2026» жүгіру жарысы ұйымдастырылды.

Ауқымды спорттық шараға еліміздің әр өңірінен келген кәсіби спортшылар мен бұқаралық спортты қолдаушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Бөкей Ордасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныту.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қатысушылар мен қонақтарды айтулы мерекемен құттықтап, Бөкей хандығының қазақ тарихындағы ерекше орнына тоқталды. Сонымен қатар мұндай спорттық шаралардың жастарды белсенді өмір салтына баулудағы және өңірдің туристік әлеуетін арттырудағы маңызы зор екендігін атап өтті.

Қатысушылар табиғаты көркем, тарихи орындар арқылы белгіленген бағыт бойынша жүгіріп өтіп, өздерінің төзімділігі мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында қауіпсіздік талаптары толық сақталып, қатысушыларға барлық қажетті жағдай жасалды.

Тарих пен спортты тоғыстырған «Bokei Orda Trail — 2026» жарысы мерейтойлық шаралардың жарқын көрінісіне айналып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ерлерден 1 орын Мақсат Қозбағаров, 2 орын Жарас Айтуаров, 3 орын Дәулет Батырхан жеңіп алса, әйелдер 1 орын Айман Сәрсенғалиева, 2 орын Тұрсынай Сұлтанғалиева, 3 орынды Мөлдір Туткушева иеленіп, арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңір тұрғындары мен қонақтарына тағылымды әрі мазмұнды бағдарламалар ұсынатын болады.

 

 

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…