Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Сарайшық ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенді. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіруге және үй-жайларды тексеруге кірісті. Ғимараттан 110 адам өздігінен эвакуацияланды.

Құтқару жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құтқару қалпақтарының көмегімен 14 адамды құтқарды. Олардың ішінде 5 бала.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас жазбалар

Эдинбургте балтамен шабуыл жасаған ер адам бес адамды жарақаттады

Эдинбургте балта ұстаған ер адам мешіт маңындағы адамдарға шабуыл жасап, бес адамды жарақаттады. Күдікті полициямен…

Қазақстанның 17 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 маусымда Қазақстанның 17 облысы мен Астана қаласында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп…

Астанада тактикалық оқу-жаттығу өтеді, қозғалысқа шектеу енгізіледі

Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді, осыған байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.