Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Түркістан облысының Шардара қаласында елді дүрліктірген оқиға тіркелді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ер адамның өз әкесін жуындыру барысында балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткені анық байқалады. Бір сәтте ол қартқа “екі қабырғаңды сындырамын” деп айғайлаған. Тағы бір кадрда әлсіз қарт жол үстінде отыра алмай қалған.

Кейінгі жазбадан қарияға соққы жасалғандай дыбыс естілген. Оқиғаға әйел адамның да қатысы бар екені айтылады: ол да қартқа дөрекілік көрсеткен.

Полиция күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алғанын мәлімдеді. Желі қолданушылары бейнежазбаны көріп, ашу-ызаға булығып, марқұм болған қарияға жанашырлық білдірді. Көпшілік қарттың жастайынан баласын бағып-қағып, қиын заманда тіршілік еткенін, ал қартайған шағында мұндай қорлыққа ұшырауы жанды ауыртатынын жазуда.

Ұқсас жазбалар

Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды

Астанада 56 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баланы қараусыз қалған аулаға сүйреп әкетпек болды деген…

Елден 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

ІІМ жанар-жағармайды заңсыз әкетуге қарсы күресті күшейтіп, бір айда 12 тонна жанармайдың заңсыз тасымалын анықтады.

БҚО-да тыйым салынған жерде шомылған үш жасөспірім суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында тыйым салынған аумақта шомылған үш жасөспірім суға батып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып…