Categories Ақорда

Тоқаев: «Толық емес отбасыларға берілген жеңілдік – ажырасуды көбейтті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әлеуметтік саладағы қателіктерді сынға алды. Оның айтуынша, кезінде қабылданған кейбір шешімдер қоғамға теріс әсер еткен.

«Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасыға берілетін жеңілдік түрін ойлап тапқан болатын. Соның салдарынан ажырасқан отбасылар саны күрт өсті. Бір кезеңде біз бұл көрсеткіш бойынша әлемде алдыңғы қатарға шығып кеттік. Мұндай мысалдар аз емес,» – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, әлеуметтік саясатта оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет көп жыл бойы әлеуметтік масылдық пен алаяқтыққа жол беріп келген.

«Отбасы мүшелерінің барлығы нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтқанда, біз өзіміз жалқаулық пен масылдықты қалыптастырып алдық. Үкімет кемінде 15 жыл бойы осы қателікті қайталап келді,» – деді Тоқаев.

Президент әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарау қажет екенін, қоғамды еңбекке ынталандыратын жаңа жүйе қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

ТМД шекара қызметінің білім беру жүйесі: ҰҚК академиясына базалық ұйым мәртебесі берілді

ТМД Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 92-отырысында ҰҚК Шекара академиясына базалық ұйым мәртебесі берілді.

Қазақстан мен Түркия: стратегиялық серіктестік декларациясына қол қойылды

Қазақстан мен Түркия президенттері стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияға қол қойды. Құжат екіжақты ынтымақтастықтың жаңа…

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жаңа жолдарын іздеуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Ол саладағы импортқа тәуелділікті азайту…