Categories Жайық news

Күн райы құбылады: Елордада -27°С аяз, Шымкентте +13°С жылы болады

Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы күрт өзгереді. Елордада аяз күшейсе, оңтүстік өңірлерде күн айтарлықтай жылынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Астанада ауа райы тұрақсыз болады. 12 қаңтарда қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С аралығында болғанымен, күннің екінші жартысында суыта бастайды. 13 қаңтарда түнде -13-15°С, ал 14 қаңтарда аяз күшейіп, түнде сынап бағанасы -25-27°С дейін төмендейді.

Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері елордада қатты аяз болса, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

Алматы қаласында жағдай басқаша. 12 қаңтарда жауын-шашынсыз, күндіз ауа +7+9°С дейін жылынады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 13 қаңтарда түнде жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал, күндізгі температура +5+7°С болады. 14 қаңтарда күн ашық, күндіз +3+5°С жылы болады деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігінде, Шымкент қаласында, нағыз көктемгі ауа райы сақталады. 12 қаңтарда түнде және таңертең жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Күндіз +7+9°С болады. Ал демалыс күндері жауын-шашынсыз, 13 қаңтарда күндіз +10+12°С, 14 қаңтарда +11+13°С жылы болады.

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…