Categories Саясат

АҚШ бірнеше елдің шенеуніктеріне виза шектеулерін енгізді

АҚШ билігі Куба үкіметінің шетелге, оның ішінде медициналық қызметкерлерді, мәжбүрлі түрде жіберу схемасына қатысы бар деп саналған Африка, Куба және Гренада шенеуніктеріне, сондай-ақ олардың отбасыларына виза шектеулерін енгізді.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, Куба билігі медициналық қызметкерлерді өзге мемлекеттерге жоғары ақыға «жалдап», түскен қаржының көп бөлігін өздерінде қалдырады.

АҚШ тарапының пікірінше, бұл схема «коррупцияланған кубалық режимді» байытып, Куба халқын қажетті медициналық көмектен айырады.

Вашингтон мұндай мәжбүрлі еңбек тәжірибесін тоқтату үшін өзге елдердің үкіметтерімен ынтымақтасуды жалғастыратынын және қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Интервью Президента: что на самом деле зафиксировано  

Интервью Президента: что на самом деле зафиксировано   Эксперты Казахстанского института общественного развития разобрали январское…

Халықаралық корпорациялар өздерінің кәсіпорындары үшін неліктен Қазақстанды таңдайды?

Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден…

Биофармацевтический комплекс полного цикла на 103 млрд тенге построят в Казахстане

📌 В рамках реализации поручений Президента РК по доведению доли отечественного производства в фармацевтической отрасли…