Categories Жайық news

Ақтөбе тұрғындары белгісіз газ иісінен зардап шегіп жатыр: Мамандар себебін таба алмай дал

Ақтөбе тұрғындары бірнеше күннен бері қаланы жайлаған жағымсыз газ иісіне шағымданып жатыр. Мамандар оның нақты қайдан шығып жатқанын әзірге анықтай алмай отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың айтуынша, өткір иіс тек көшеде ғана емес, пәтерлердің ішінде де сезіледі. Бұл жағдай бірнеше күннен бері қайталанып отыр.

Осыған орай «QazaqGaz Aimaq» компаниясының өкілдері мәлімдеме жасады. Олардың ақпараты бойынша, газ тарату желілерінде ешқандай апат немесе газдың ауаға таралуы тіркелмеген. Тұтынушыларға беріліп жатқан газдың сапасы да барлық талапқа сай екені айтылды.

Өз кезегінде облыстық экология департаментінің мамандары қаланың бірнеше нүктесінен атмосфералық ауаның сынамаларын алған. Зертханалық талдау нәтижесінде ауа құрамында зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген шектен аспағаны анықталды.

Қазіргі уақытта экологтар мен газ қызметінің мамандары бірлесіп, жағымсыз иістің көзін анықтау үшін тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.