Categories Әлем

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті

Сурет: Thibault Camus

Францияда өтіп жатқан G7 саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарты сағатқа жуыққа созылған келіссөздер саммиттің ресми бағдарламасынан тыс өтті. Кездесуден кейін Трамп, Зеленский және Франция президенті Эмманюэль Макрон саммит жұмысына қатысты.

Зеленскийдің айтуынша, G7 елдері Украинаның әуе қорғанысын күшейту бойынша ортақ ұстанымға келген. Ол бұл мәселені Трамппен жеке талқылап, Украинада баллистикалық зымырандарға қарсы жүйелер өндіру мүмкіндігін көтергенін айтты.

Кейін журналистерге пікір білдірген Трамп келіссөзді «өте жақсы өтті» деп бағалап, Ресейдің келісімге келуі қажет екенін мәлімдеді.

Ресей келісімге келуі керек. Олар (Ресей мен Украина) өте көп сарбаз жоғалтып жатыр. Мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болған жоқ, — деді ол.

Бұған дейін Зеленский Ресей президентіне соғысты тоқтатуды ұсынып, ашық хат жолдаған еді. Сондай-ақ ол қақтығысты қысқа дейін тоқтату керектігін айтып, мәлімдеме жасады.

Ұқсас жазбалар

Еуропада аптап ыстықтан 1 300-ден астам адам қайтыс болды

Еуропада 21 маусымнан бері тіркелген аптап ыстық салдарынан 1 300-ден астам адам қайтыс болды. Бұл…

Ливанда Израиль соққыларынан мәдени мұра нысандары зақымданды

Ливанның оңтүстігіндегі бірқатар мәдени мұра нысаны Израильдің соққысынан қирап, кейбірі қатты зақымданды.

29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы жақсы болады

«Қазгидромет» РМК 29 маусымда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай болатынын хабарлады.