Categories Жайық news

Бибісара Асаубаева шахматтың ерекше түрінен әлем чемпионын жеңді

Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева классикалық шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкті фристайл-шахмат бәсекесінде жеңіп кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Германияда фристайл-шахматтан (Фишер шахматы) ерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Осы турнир аясында Асаубаева мен Костенюк арасында арнайы көрсетілім матчы ұйымдастырылды. Төрт партиядан тұрған кездесу 2,5:1,5 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.

Бұл жеңіс Бибісара Асаубаеваға 2027 жылы өтетін фристайл-шахматтан әйелдер арасындағы алғашқы әлем чемпионатына жолдаманы кепілдендірді.

«Жеңіске жету әрқашан жағымды. Әсіресе, бұл жеңіс келесі әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берсе, тіпті керемет», – деді қазақстандық шахматшы.

Фристайл-шахматты XX ғасырдың 90-жылдары әлем чемпионы Бобби Фишер ойлап тапқан. Оның кәдімгі шахматтан басты айырмашылығы – пешкалардан басқа фигуралар әр партияның алдында 960 ықтимал нұсқаның бірі бойынша кездейсоқ орналастырылады. Сондықтан бұл ойын түрі теориялық дайындықтан гөрі, комбинациялық қабілетті көбірек талап етеді.

Айта кетейік, ерлер арасындағы турнирде норвегиялық Магнус Карлсен чемпион атанды.

Фото: Freestyle-chess.com

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.