Categories Әлем

Венесуэладағы жер сілкінісінен 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды

Сурет: видеодан алынған кадр

Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан кемінде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ең көп зардап шеккен ел астанасы Каракас қаласы. Мұнда бірнеше ғимарат қирап, құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Апат аймағында 500-ден астам маман жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар үйінділер астынан 18 адамды аман-есен алып шықты, бірақ құлаған нысандардың астында әлі де басқа адамдар болуы мүмкін.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жер сілкінісінен келген ауыр зақымға байланысты Венесуэланың басты халықаралық әуежайы уақытша жабылған. Елдегі жағдайға байланысты президент Делси Родригес төтенше жағдай режимін енгізді. Билік апат салдарын жою үшін халықаралық ұйымдардан қаржылай көмек сұрауды жоспарлап отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайға қатысты пікір білдіріп, Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға қажетті көмекті жедел көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…