Депутат Ермұрат Бәпи Қызылордадағы колонияда Думан Мұхамедкәріммен жолығып қайтты

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қызылорда облысындағы түзеу мекемесінде қамауда отырған белсенді Думан Мұхамедкәріммен кездесу өткізді. Бұл жөнінде ол өз әлеуметтік желісінде хабарлады. Кездесу шамамен екі сағатқа созылған.

Депутаттың айтуынша, колония әкімшілігі әкелінген тағамдар мен сәлемдемелерді ешқандай кедергісіз қабылдаған.

Сурет: орда.кз

«Облыстағы жігіттер дайындаған қысқы соғымнан дәмін ала бардым. Әкімшілік қызметкерлері сәлем-сауқатты тексеріп, қиындықсыз өткізіп берді. Сол үшін ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Ермұрат Бәпи.

Белсендінің денсаулығына қатысты да мәселелер қозғалған. Думан Мұхамедкәрім соңғы уақытта өзін жайсыз сезінетінін, белі мен асқазаны мазалайтынын айтқан.

«Соңғы кезде салмағым да азайып кетті. Қызметкерлер көмектесіп жүр, бірақ денсаулығымда қиындықтар бар», – деген оның сөзін депутат келтіреді.

Ермұрат Бәпидің айтуынша, Думан Мұхамедкәрім жақында аштық акциясын тоқтатқан.

«Мен барудан бір күн бұрын аштық ұстауды аяқтапты. Әзілі аралас: “Суды толық тоқтатсаң, бірнеше күнде жағдайың нашарлап кетеді ғой” деп айтты», – дейді депутат.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…