Categories Ақорда

Инвесторлар құқығын қорғау: Бектенов кедергілерді жою жолдарын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы кедергілерді жою мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиында Президенттің тапсырмаларын орындау аясында инвесторлардың мүддесін қорғау шаралары қаралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кеңеске үкімет мүшелері, ұлттық компаниялар басшылары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Тараптар инвестициялық ахуалды жақсарту үшін нақты шараларды талқылады.

«Инвесторлардың құқығын қорғау – экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі. Біз кедергілерді жою және бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді Олжас Бектенов.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, инвесторлардың өтініштерін қарау мерзімін қысқарту және әкімшілік кедергілерді азайту жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…