Categories Спорт

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖАМБЫ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХІ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Орал қаласында жамбы атудан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының ХІ чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Байрақты додаға Батыс Қазақстан облысымен қатар еліміздің 12 өңірінен келген ат үстіндегі жас мергендер қатысуда. Спортшылар мажар, жамбы, Азия және түркі стилі бойынша бақтарын сынайды. Ашылу салтанатына БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.  Жамбы атудан ел чемпионаты 30 маусымға дейін жалғасады.

Ұқсас жазбалар

Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі: қазақстандық теннисшілердің нәтижесі

Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы 135 жылдық тарихы бар «Ролан Гаррос» турнирі аяқталды. Қазақстандық теннисшілер арасында…

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды.