Президент Қорғаныс министріне Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығын жетілдіруді тапсырды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жыл басынан бергі жұмыс қорытындысы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және әскери қызмет беделін арттыру жөніндегі баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Президентке Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, сондай-ақ ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық барысы баяндалды.

Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясының сәтті аяқталғаны және үшінші контингент ротациясының басталғаны, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық қоғамдастықтың жоғары баға бергені айтылды.

Мемлекет басшысына әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…