Categories Жайық news

Қазақстанда шенеуніктерге арналған жаңа мессенджер жасалады: Ол қандай болады?

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жұмысына арналған Alem GovWorkspace атты жаңа, қорғалған мессенджер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның сауалына жауап берген кезде мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, бұған дейін цифрлық штаб мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы қызметтік байланыс үшін отандық Aitu қосымшасын ұлттық мессенджер ретінде бекіткен.

Енді шенеуніктердің қауіпсіз цифрлық жұмыс ортасын қалыптастыру үшін жаңа, кешенді шешім қолға алынбақ.

«Мемлекеттік органдардың қорғалған цифрлық жұмыс ортасын құру үшін Alem GovWorkspace атты отандық, кешенді технологиялық шешім әзірленіп жатыр. Ол мемлекеттік қызметшілердің қашықтан жұмыс істейтін орындарын қауіпсіз етуге арналған. Бұл платформада лезде хабар алмасу, топтық чаттар құру, аудио және видеоқоңыраулар жасау функциялары болады», – деді Олжас Бектенов.

Жаңа жоба мемлекеттік қызметшілерге арналған толыққанды қорғалған жұмыс кеңістігін құруды мақсат етеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…