Categories Спорт

Алғашқы күнді жеңіспен аяқтады

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады! 48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында.

Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында — Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші орында тұр. Kazakhstan А оныншы орында.

Еліміздің Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында, бұл әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш.

Командалар құрамында бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен.

Бес күндік сайыстан тұратын турнир 11 ақпанда аяқталады.

Командаларымызға қалған кезеңдерден де сәтті өтіп, жеңіспен оралуды тілейміз.

Алға, Қазақстан!

Ұқсас жазбалар

Унаи Симон әлем чемпионатында 519 минут гол жібермей рекорд жаңартты

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон әлем чемпионаттары тарихында ең ұзақ уақыт гол жібермеген голкипер атанды.

Криштиану Роналду әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Криштиану Роналду әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды.

Швейцария Алжирді 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Әлем чемпионатының 1/16 плей-офф кезеңінде Швейцария құрамасы Алжирді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.