Categories Қаржы

Қазақстандықтардың орташа табысы 133 мың теңге: ақша қайда жұмсалады?

Сурет: Freepik.com

Қазақстандықтардың бір айдағы орташа табысы шамамен 133,3 мың теңгені құраса, шығыны 117,6 мың теңге болған. Биылғы бірінші тоқсанда халықтың негізгі кіріс көзі еңбек қызметінен түскен табыс болды, оның орташа мөлшері 288,9 мың теңгеге жеткен. Сондай-ақ зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер де есепке алынған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бір адамға шаққандағы жалпы табыс тоқсан ішінде 399,8 мың теңге, яғни айына 133,3 мың теңге болған. Ал бір тұрғынның орташа шығыны тоқсанына 352,9 мың теңге немесе айына 117,6 мың теңгені құраған.

Шығынның 318,2 мың теңгесі тұтынушылық шығындарға жұмсалған, оның ішінде азық-түлікке 171,5 мың теңге кеткен. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға бір адам үш айда орта есеппен 70,3 мың теңге жұмсаған. Ал ақылы қызметтерге тоқсанына орта есеппен 76,4 мың теңге бағытталған.

Несие мен қарыздарды өтеуге бір адам үш айда орта есеппен 26,7 мың теңге жұмсаған. Сонымен қатар, туыстары мен таныстарына материалдық көмек ретінде тоқсан сайын орта есеппен 7,1 мың теңге, ал салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге 888 теңге жұмсалған.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, 2027 жылдан бастап азаматтардың табысы мен шығысының сәйкестігі тексерілетін болады. Бұл үшін мемлекеттік базалардың мәліметтерін біріктіретін арнайы жүйе қолданылмақ.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…

«Қазақмыстан» 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

«Қазақмыс» компаниясының қауіпсіздік қызметі корпоративтік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі…