Бүгін Zhaiyqmedia.kz желілік басылымының бас редакторы Тоқтар Ғабдірешұлының туған күні

Сурет: Әлеуметтік желіден

Ақпараттық кеңістікте өз орнын табу – уақыт пен табандылықты талап ететін күрделі үдеріс. Соған қарамастан, Zhaiyqmedia.kz желілік басылымы ашылғанына бір жыл да толмай жатып, қоғам ішінен өз аудиториясын қалыптастырып, өңірлік медианың салмақты жаңалық жаршысына айнала алды. Бұл – жүйелі жұмыс пен айқын редакциялық ұстанымның нәтижесі.

Портал әлеуметтік желілерде оқырман ойы мен пікірін қалыптастыра отырып, Орал қаласынан бастап Қазақстанның түкпір-түкпірінде болып жатқан өзекті оқиғаларды жедел әрі түсінікті форматта ұсынады. Ақпаратты жай тізбелеуден гөрі, оның мәні мен салмағына үңілу – басылымның басты ерекшелігі. Осы тәсіл Zhaiyqmedia.kz-ке оқырман сенімін нығайтып, өңірлік БАҚ арасында өзіндік стиль қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Бұл жетістіктердің барлығы бас редактор Тоқтар Кенжеғалиев Ғабдірешұлының кәсіби талапшылдығы, жауапкершілігі және үздіксіз ізденісі жатыр. Ол бастаған ұжым Батыс Қазақстан облысындағы өзге де ақпарат құралдарымен бәсекеде өз орнын табуға ғана емес, күн сайын сапаны арттыруға күш салып келеді.

Бүгін Тоқтар Ғабдірешұлы 48 жасқа толып отыр. Құрметті редакторымызды туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыңыз әрдайым аман, бірлікте болсын, үйіңізге қуаныш пен жылулық орнасын. Балалардың күлкісі мен шаттыққа толы шаңырағыңыз әрдайым мерекелік көңіл күйге бөленсін. Жаңа 2026 жыл сізге отбасы бақытын, жақындарыңыздың мейірімін және жаңа жетістіктерді әкелсін. Қаламыңыз мұқалмасын, бастаған істеріңіз берекелі болсын, ал Zhaiyqmedia.kz еліміздің ақпараттық кеңістігінде үздік порталдардың қатарынан көрінсін!

Ұқсас жазбалар

Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алды

Халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Марапатты Мемлекет басшысының атынан Премьер-министрдің орынбасары…

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Астанада полиция формасымен видео түсірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, іс…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.