Categories Жайық news

Оралда полиция майоры қызметтік көлікті мас күйде айдағаны үшін жұмыстан қуылды

Оралда полиция майоры қызметтік көлікті мас күйде айдағаны үшін жұмыстан қуылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Оралда полиция майоры мас күйінде қызметтік автокөлікті тізгіндегені үшін әкімшілік жауапқа тартылып, қызметінен босатылды. Оқиғаға қатысты мәліметті «Мой Город» сайты таратты.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшысын әріптестері жол үстінде тоқтатпақ болған. Алайда ол заңды талапқа бағынбай, қашуға әрекеттенген. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері оны ұстап, мамандандырылған әкімшілік сотқа жеткізді.

Сот процесінде айыпталушы өз кінәсін жоққа шығарып, рөлде өзі болмағанын айтқан. Дегенмен, дәлелдер негізінде сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Сонымен қатар, майорға 157 280 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Құқық бұзушыға екі бірдей айып тағылды:

көлікті алкогольдік мас күйінде басқару;

полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабын орындамау.

Іс материалдары Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне жолданып, қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, полиция майоры «теріс себептермен» жұмыстан босатылды.

Ұқсас жазбалар

100% трудоустройство: как Ozge Epic Oral готовит востребованных аниматоров

Фото:Акимат г. У В марте текущего года в Уральске при поддержке корпоративного фонда Samruk-Kazyna Trust,…

БҚО-ның Ақсай қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Сурет:БҚО әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында №1 жалпы орта білім беретін…

Оралда патриоттық форум өтіп жатыр

Сурет: Орал қ. әкімдігі Орал қаласында әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы…