«Тау ішінде». Димаштың ерекше клипі жарық көрді

Әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа клипін жарыққа шығарды. Бұл бейнебаян көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда.

Сәкен Сейфуллиннің әніне жаңа тыныс

Жаңа музыкалық видеода қазақ әдебиетінің классигі Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні негізге алынған. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, бұл туынды 1919 жылы шығарылған. Ақын бұл әнді тау ішінде, ат үстінде келе жатып шығарғаны айтылады. Кейіннен халық арасына кеңінен таралып, түрлі орындаушылар репертуарында орын алған.

Димаштың жаңа бейнебаяны – ұлттық музыка мен заманауи стильдің үйлесімі

Жаңа клип тыңдарманды табиғат аясындағы көркем көріністер және Димаштың әсерлі орындауымен баурап алды. Көрермендер бұл бейнебаянды «Димаштың ең шынайы әрі ұлттық рухтағы жұмыстарының бірі» деп бағалауда.

Димаштан ерекше байқау: жеңімпазға шетелге жолдама

Клиппен бірге Димаш 25 мамырға дейін жалғасатын челлендж жариялады. Әнге түсірілген ең креативті әрі көп қаралған видео авторына үлкен сыйлық – Димаштың қалауыңыз бойынша Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига қалаларында өтетін жеке концертіне жолдама беріледі.
Жүлдеге ұшу және тұру шығындары да кіреді.

Жеңімпаз 26 мамырда анықталады

Байқау нәтижесі 2025 жылғы 26 мамырда Алматыда өтетін Димаштың концертінде ресми түрде жарияланады.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

Сурет: gov.kz 2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша…

100% жұмысқа орналастыру: Ozge Epic Oral сұранысқа ие аниматорларды қалай даярлайды

Сурет:Орал қ әкімдігі Биыл наурыз айында Орал қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге…