Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кетті: кінәлілер жазаланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында бірқатар мектептер мен білім бөлімінің интернет-ресурстарында 165 баланың жеке мәліметтері ашық қолжетімді болғаны анықталды. Жарияланған ақпарат арасында оқушылардың аты-жөні, оқу орны және әлеуметтік мәртебесі туралы деректер болған.

Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және қорғаншылықтағы балалар да бар. Бұл мәліметтердің еркін таралуы олардың заңсыз пайдаланылу қаупін туғызған.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, балалардың жеке деректері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қала прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және жеке деректер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы көпқабатты үйдегі спа-салонда өрт болды

Астанада 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан спа-орталықта өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақытында ауыздықтады.

Қазақстанда кісі өлімі қылмысы 9 пайызға азайды

Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10 пайызға кеміген. Кісі өліміне қатысты қылмыс…

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…