Categories Жайық news

Ақтөбеде зейнеткер өз қаржысына саябақ салып жатыр

Ақтөбеде зейнеткер өз қаржысына саябақ салып жатыр,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер Серік Қожымов өз күшімен саябақ салып, елді мекен тұрғындарына үлкен өнеге көрсетуде. Ол мемлекеттен 9 жылға жалға алынған екі гектар аумаққа 500-ден астам ағаш отырғызып, жарық пен су жүйесін өз қалтасынан тартқан. Жобаға шамамен 3 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Зейнеткердің айтуынша, ол бұл істі «ұрпаққа рухани мұра қалдыру» мақсатында қолға алған. «Әркім ұрпағына дүние-мүлік қалдырады, мен ағаш егіп, болашаққа табиғи сый жасағым келді. Бұл – Президентіміз көтерген “Жасыл ел”, “Таза Қазақстан” бағдарламаларына қосқан үлесім», – дейді ол.

Қожымов саябаққа балалардың ойын алаңын салуды да қолға алып, көмекшісіне жалақыны жеке қаражатынан төлеп отыр. Оның еңбегін көршілері де қолдап, сенбіліктерге қатысуда.

Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешовтың айтуынша, келесі жылы бұл аумақта футбол, баскетбол және воркаут алаңдары орнатылады. Әкімдік демеушілердің қолдауымен саябақ аумағын толық қоршауды жоспарлап отыр.

Жаңа демалыс орнына Сая, Мағаджан және Заречный елді мекендерінің тұрғындары келіп тыныға алады.

сурет:24.kz

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…