Астанада қатар тұрған үш үй өртенді: тұрғындар эвакуацияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада бір көшедегі үш жеке үйден өрт шықты. Оқиға Байқоңыр ауданы Толстой көшесінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер шақырту бойынша жедел жеткен. Оқиға орнында 30-ға жуық қызметкер мен 8 техника жұмыс істеді.

«Өрт үш үйдің шатырын шарпыған. Біз тұрғындарды қауіпсіз жерге шығардық, зардап шеккендер жоқ», — деді қалалық ТЖД өкілі.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Президент Еңбек министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдап, ведомствоның 2025 жылғы жұмыс…

Астанада көпір үстінде ереже бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Астанада көпір үстінде ереже бұзған 20 жастағы жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Ол Қошқарбаев көшесіндегі көпірде…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Тараптар…