17 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Сурет: Freepik

«Қазгидромет» РМК 17 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз — атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Синоптиктер бірнеше аймақта қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Өңірлерде құбылмалы метеожағдай сақталады.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…