Categories Саясат

Вице-министр курьер болып жүрген жас анаға қатысты пікір білдірді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай әлеуметтік желіде талқыланған жас ананың суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Брифингте журналистер вице-министрден нәрестесін көтеріп, арқасына жеткізу қызметінің сөмкесін асынып алған әйелдің фотосы туралы көзқарасын сұрады. Көпшілік бұл әйелдің декреттік демалыста жүріп, курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болғанын талқылаған.

Виктория Шегай аталған жағдайға нақты баға бере алмайтынын айтты. Ол суреттің қай жерде түсірілгені және әйелдің нақты жағдайы белгісіз болғандықтан, мәселені жан-жақты білмей тұрып пікір айта алмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар вице-министр декреттік демалыстағы ананың жұмыс істеуі немесе істемеуі көбіне отбасының қаржылық жағдайы мен ішкі шешіміне байланысты екенін атап өтті.

Журналистердің мәліметінше, сурет Алматы қаласында түсірілген. Онда нәрестесін құшағына алып, аптап ыстықта тапсырыс тасып жүрген әйелдің бейнесі көпшіліктің назарын аударған. Желі қолданушылары бірнеше күн бойы жас ананы іздеп, оған көмек көрсетуді ұсынған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде сәбиін арбаға отырғызып, курьер болып жұмыс істеген алматылық әйелдің видеосы кеңінен тараған еді. Бұл оқиға да қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болған.

Ұқсас жазбалар

Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезінде делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты партия төрағасы етіп сайлады.

Қазақстан мен Еуропалық прокуратура өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

Бас Прокурор Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барып, Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті. Келіссөздер…

Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане

В Парламентской ассамблее Совета Европы (ПАСЕ) принята письменная декларация «Конституционный референдум в Казахстане: новый этап…