Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кетті

Сурет: Қырғызстан ТЖМ

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ыстықкөл облысында сел жүрген кезде жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, 5 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында нөсер жаңбырдан тау беткейі опырылып, сел ағындары Балықшы – Ананьево – Қаракөл автожолының бір бөлігін жауып қалған. Лай мен тас массасы Mercedes-Benz Sprinter және Ford Mondeo көліктерін, сондай-ақ екі адамды басып қалған. Сол күні сағат 23:35-те 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды.

Іздеу жұмыстарына шамамен 200 құтқарушы, полицейлер, азаматтық қорғаныс мамандары және жергілікті тұрғындар ауысыммен қатысып жатыр.

«Сел ағыны салдарынан хабар-ошарсыз кеткен мектеп оқушысын іздеу жалғасып жатыр. Әзірге нәтиже жоқ, қосымша ақпарат кейінірек беріледі», — деп хабарлады Қырғыстанның ТЖ министрлігі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда орман өртін сөндіруге арналған бірегей өрт сөндіру көлігі жасалды

2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін Қазақстанда орман өртін жедел сөндіруге арналған…

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Синоптиктер 11-13 маусым күндері еліміздің біраз аумағында тұрақсыз ауа райы сақталатынын хабарлады.

ТЖМ қызметкері 165 тонналық вагонды сүйреп, жаңа рекорд орнатты

Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин 165,2 тонналық…