Categories Жайық news

Алматы Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр: Ақын Арыстан баб кесенесінің жанына жерленеді

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қаралы жиынға таңертеңнен бастап зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақынның туыстары, достары мен оқырмандары жиналуда.

Қоштасу рәсімінен кейін ақынның денесі Түркістан облысына жеткізіледі. Марқұмның сүйегі ежелгі Отырар маңындағы Арыстан баб кесенесінің жанына қойылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас…

Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Әлеуметтік желіде «Сары-Арқа Компани» ЖШС пойызында жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада ер адамның…

Көліктерді аулаларға, көгалдарға және ойын алаңдарына қоюға тыйым салынады

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа үлгілік қағидалары күшіне…