Categories Жайық news

Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде

Батыс Қазақстан облысында «Заң және Тәртіп» нарративі аясында БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алдын алу акциясы басталды. Оның мақсаты — жастарды қаржылық тәуекелдер мен интернет-алаяқтықтан қорғау.

«Заң және Тәртіп» қағидаты — бұл тек құқық бұзушылықпен күрес қана емес, сонымен қатар, бала кезден басталатын ауқымды ескерту және алдын алу жұмысы. Жазғы каникул — балалардың интернетте көп уақыт өткізетін кезеңі, демек, олар желілік алаяқтардың немесе заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың нысанасына айналуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері өңірдегі балалар лагерьлеріне барды.

Мектеп оқушыларына күрделі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру үшін Департамент қызметкерлері іш пыстыратын лекциялардан бас тартып, интерактивті форматтарды қолданды.

Кездесулер жанды қарым-қатынас режимінде өтуде:

— Динамикалық блиц-сұрақтар мен викториналар: балалар фишингтік сілтемелерді тануды және желідегі жеке деректерін қорғауды жедел үйренеді.

— Нақты кейстерді талдау: офицерлер интернеттегі жеңіл табыстың қауіптілігі мен лудоманияның (құмар ойынға тәуелділіктің) зиянын көрнекі түрде түсіндіреді.

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудан басталады. Ойын мен ашық диалог арқылы біз балалардың бойына қаржылық қырағылық пен сыни ойлаудың негіздерін ұялатамыз», — деп атап өтті БҚО бойынша ЭТТД.

Профилактикалық  акция жаз бойы жалғасып, облыстың негізгі балалар демалыс алаңдарын қамтиды. Бұл Жайық өңірінің жас тұрғындары үшін каникулды тек жарқын ғана емес, сонымен бірге барынша қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

 

БҚО бойынша ЭТТД

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…