Президент: Отандық өнім қала құрылысында басым болуы керек

Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы қала құрылысында отандық өнімді пайдалануды тапсырды. Бұл – экономиканы қолдау және сапаны арттыру үшін маңызды қадам, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, құрылыс материалдары мен жабдықтарды шетелден алғанша, өз өндірушілерімізді қолдаған тиімді. Бұл жергілікті кәсіпорындарды дамытып, жұмыс орындарын көбейтеді.

«Қала құрылысы барысында негізінен отандық өнімді пайдаланған жөн. Біздің өнімдеріміздің сапасы шетелдіктерден кем емес», – деді Президент.

Бұл бастама Батыс Қазақстан өңірінде де қолға алынбақ. Әсіресе, Орал қаласындағы құрылыс нысандарында жергілікті өндірушілердің өнімдеріне басымдық беріледі.

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…