Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін күшейтуде

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Кездесуде көлік және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Жүк айналымын арттыруға септігін тигізетін контейнерлеу деңгейін ұлғайтуға ерекше назар аударылды. Президент контейнерлік тасымалдау бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі саналатын компанияның Қазақстан нарығындағы қызметіне жоғары баға беріп, Орта дәлізді дамыту еліміз үшін стратегиялық басымдық екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдуард Зигристке Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін күшейту бойынша нақты шаралар туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, Әзербайжан және Грузиямен бірге бірыңғай ұзақмерзімді тариф моделін енгізу мәселесі пысықталуда.

Каспий теңізіндегі жүк кемелері флотын кеңейту, Әзербайжанмен бірлесіп теңіз табанын тереңдету және Құрық портын жаңғырту сияқты негізгі инфрақұрылым жобалары қолға алынды. Мемлекет басшысы компанияның Каспий жағалауындағы порт инфрақұрылымына инвестиция салуға қызығушылығын құптап, бұл жобалар бағыттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы көлемінің өсуіне ықпал ететінін айтты.

MSC аға вице-президенті Мемлекет басшысына компанияның ұзақмерзімді инвестициялық жоспарын баяндады. Оның аясында логистикалық терминалдарға, темір жол активтеріне, порт инфрақұрылымына, теңіз қызметтеріне және Қазақстандағы әуе жүк тасымалына қаржы құю қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жеделхатта бұл күннің символдық мәні ерекше…

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…