Categories Жайық news

Тоқаев АҚШ елшісімен кездесті: Дональд Трамптан сәлем жолданды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту, сондай-ақ жоғары деңгейде бекітілген келісімдерді тиімді орындау қажеттігіне назар аударды.

Елші Джули Стаффт өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізді. Ол Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға мүдделі екенін растады.

Елші елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Әңгімелесу соңында тараптар Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасын қарастырды. Президент бұл құрылым тұрақтылықты нығайтуға және халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы тиіс екенін айтты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…