Categories Көңіл ашар

Астанада ресейлік кинофестиваль басталды: көрерменді не күтіп тұр?

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында ресейлік кинофестиваль өз жұмысын бастады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль бағдарламасына соңғы жылдары түсірілген ресейлік фильмдер мен мультфильмдер енгізілген. Көрермендер үшін бірнеше күн бойы тегін көрсетілімдер ұйымдастырылады.

«Біз қазақстандық көрерменге заманауи ресейлік киноның үздік үлгілерін таныстыруды мақсат етіп отырмыз. Бұл – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтудың тағы бір қадамы», – деді ұйымдастырушылар.

Фестиваль аясында режиссерлер мен актерлердің қатысуымен шығармашылық кездесулер де жоспарланған. Көрсетілімдер елорданың бірнеше кинотеатрында өтеді.

Ұқсас жазбалар

Лифтпен «күресіп», 1,5 млн теңге жоғалтқан жігіттің оқиғасы

Бір жігіт лифтпен жанжалдасып, 1,5 миллион теңге жоғалтқан. Видеода жігіт лифт есігін ашуға тырысып, соққы…

Блогер қыздың тікелей эфирде балағат сөздер айтуы тексерілуде

Тікелей эфирде балағат сөздер айтқан блогер бойжеткенге қатысты тексеру жүріп жатыр

Қаламгер Ғабит Мүсірептің екі жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Қаламгер Ғабит Мүсіреп 60 жасында «Болмысы бөлек Бесқала» және «Соңғы мүмкіндік» атты екі кітабын жарыққа…