Categories Шартарап

ФИФА 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатын үш елде өткізеді

Сурет: ЖИ иллюстрация

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатын үш елде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы ашылу рәсімі 11 маусымнан 12-не қараған түні Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтеді. Салтанатты рәсімнен кейін Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары турнирдің алғашқы ойынын өткізеді. Матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

12 маусымда чемпионаттың ресми ашылу салтанаты Канададағы Торонто қаласындағы «BMO Field» стадионында ұйымдастырылады. Рәсімнен кейін Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары кездеседі.

13 маусым таңертең АҚШ-тағы Лос-Анджелестегі «SoFi Stadium» аренасында үшінші ашылу салтанаты өтеді. Осыдан соң АҚШ пен Парагвай командалары ойнайды.

Биыл алғаш рет үш елде өтетін турнир Солтүстік Американың 16 қаласында ұйымдастырылады. Матчтардың басым бөлігі АҚШ аумағында өтеді. Канада мен Мексика да әлем чемпионатының маңызды ойындарын қабылдайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан 2027 жылы киберспорттан әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы IESF World Esports Championship 2027 киберспорттық әлем чемпионатын қабылдайды.

Білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1200-ден астам жүлделі орын алды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден…

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…