Categories Жайық news

Оралда жылу инфрақұрылымы жаңарып, тұрғындар сапалы жылумен қамтылуда

Орал қаласында жылу жүйелерін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Байменовтың айтуынша, өткен жылы құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын магистралдық желіні қайта құру жобасы толық аяқталған. Соның нәтижесінде 63 көпқабатты тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысан үздіксіз жылу ала бастады.

Биыл бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын тапты. Құны 9,9 миллиард теңгеге бағаланған ірі магистралдық жылу желісін реконструкциялау жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 75 көпқабатты үй мен 7 әлеуметтік нысан сапалы әрі тұрақты жылумен қамтылды.

Әкімнің мәліметінше, алдағы екі жылда тағы үш магистралдық желіні жаңарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 8,1 миллиард теңге бағытталады. Жоба іске асқанда, қаладағы жылу желілерінің шамамен 50 пайызы толық жаңарып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы едәуір жақсарады.

Бұл жұмыстардың барлығы Орал қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, алдағы қыс маусымында жылу тапшылығын болдырмауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.