Categories Жайық news

Келер жылы бензин бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін: Төмен бағаның салдары қандай?

Қазақстанда жанармай бағасының күрт қымбаттауына бір жылдан аз уақыт қалды. Егер билік бағаға уақытша шектеу қоя алмаса, алдағы уақытта елдегі бензин құны Ресеймен теңесуі ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сарапшы Олег Червинскийдің айтуынша, 2023 жылдың соңында Еуразиялық экономикалық одақ елдері ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарығын қалыптастыруға келіскен. Бұл келісім 2027 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Алайда Червинский Қазақстандағы баға өзгерісі одан әлдеқайда ерте басталатынын ескертті.

«Іс жүзінде бұл дегеніміз — биылдың соңына қарай Қазақстандағы жанармай бағасы Ресеймен тең деңгейге жетуі керек. Қазіргі бағамен салыстырғанда біздің елде бензин екі есе арзан. Дәл осындай айырмашылық Қырғызстанмен салыстырғанда да байқалады», – деді Червинский.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге назар аударды. Ол жақында берген сұхбатында бензин бағасы арзан болғанымен, одан қарапайым халық емес, ірі кәсіпкерлер пайда көріп отырғанын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан көрші елдер үшін арзан жанармай көзіне айналғанын атап өтті.

Сала мамандарының сөзіне қарағанда, жанармай бағасының жасанды түрде төмен ұстап тұруы елдегі отын тапшылығына, мұнай өндіру саласына инвестиция азаюына және ішкі сұраныс толық қамтылмауына әкелген.

Сондықтан сарапшылар мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы – бағаны нарық заңына сай реттеу екенін айтып отыр.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.