Қазақстанда балалар қандай бағыттарға тегін ұша алады?

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда балалардың ішкі туризмін дамытуға арналған Kids Go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Оның аясында балаларға тегін әуе билеттерін рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Kazakh Tourism басшысы Талғат Ғазизовтың айтуынша, бүгінге дейін бұл бағдарламаны 100-ден астам бала пайдаланған.

«Kids Go Free бағдарламасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күнге барлық қаражат бөлінді. Бізде осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатқан туристік операторлар тобы бар», деді компания басшысы.

Бағдарлама Қазақстан аумағында демалыс жасаушылар үшін ғана қолданылады. Ең танымал бағыттардың қатарында Алакөл мен Бурабай курорттық аймақтары бар. Ата-аналар демалыс орнын өздері таңдай алады.

Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 18 жасқа дейінгі балалар ұлттық парктер аумағына тегін кіре алатындығын айтқан болатын.

Ұқсас жазбалар

Астанада III архившілер конгресі қорытындыланды

Астанада III архившілер конгресі аяқталды. Форумда цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының болашағы…

Шымбұлаққа тек электромобильдермен кіру талабы күшін жойды

Конституциялық сот Алматы әкімдігінің Шымбұлақ шатқалына тек электромобильдердің кіруіне рұқсат берген қаулысын заңсыз деп таныды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы 13 маусымға Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз…