Categories Жайық news

Нұрлан Сабыровтың басы бәлеге қалды: Комик «жалдамалылық» бабы бойынша айыпталуы мүмкін

Белгілі комик Нұрлан Сабыровтың үстінен Қазақстанның Бас прокуратурасына арыз түсті. Қоғам белсендісі Марат Тұрымбетов әзілкешті Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясымен байланысы бар деп айыптап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Белсендінің пікірінше, Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабы («Жалдамалылық») бойынша тергелуі тиіс. Ол комиктің «Вагнер легионы Истра» атты ұйыммен байланысын негізге алады. Тұрымбетов бұл құрылымды бүкіл әлемге танымал «Вагнер» тобының бір бөлігі деп санайды, ал оның мүшелері заң бойынша жалдамалылар болып есептеледі.

«Құзырлы органдар бұл істің анық-қанығын ашады деп сенемін. Егер бұл жала болып шықса, мен Қазақстан заңдарына сәйкес жауап беруге дайынмын. Енді Бас прокуратураның ресми жауабын күтеміз», – деп жазды Марат Тұрымбетов.

Әзірге Нұрлан Сабыровтың өзі бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…