Categories Жайық news

Жолаушыны рейстен қалдырған Air Astana енді жарты миллион теңге өтемақы төлейді

Алматыда сот Air Astana әуе компаниясын жолаушыны рейске заңсыз кіргізбегені үшін оған 500 мың теңге моралдық шығын төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, әйел Қызылорда – Алматы рейсіне тіркеуден сәтті өткен. Алайда әуе компаниясының қызметкерлері оның тіркеуі жойылғанын айтып, ұшаққа отырғызудан бас тартқан.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты тасымалдаушының бұл әрекетін заңсыз деп таныды. Себебі Air Astana өздерінің ісін растайтын ешқандай дәлел ұсына алмаған.

Сот шешімімен әуе компаниясы моралдық шығыннан бөлек, билет құны мен сот шығындарын да өтеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…