Categories Жайық news

Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады: Президент халықты неге шақырды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тазару күніне» орай Қазақстан халқына үндеу жолдап, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл күн Наурызнама онкүндігінде ерекше орын алады. Ол қоғамның жаңғыруы мен табиғаттың жаңаруының үндесуі халыққа Отан игілігі жолында еңбек етуге ерекше күш-жігер беретінін атап өтті.

Президент бүкіл ел аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасы қолға алынғанын жеткізді. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашу, жағалауларды тазарту, тал егу сияқты жұмыстар жалғаса береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының мәні тек көше тазалығымен шектелмейтінін баса айтты.

«Оның түпкі мәні – ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады. Бұл, сайып келгенде, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бастайды», — деді Президент.

Мемлекет басшысы соңғы уақытта табиғат игіліктерін ұқыпты пайдаланып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтын азаматтардың қатары көбейгенін оң үрдіс деп бағалады.

«Мен бүкіл халқымызды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырамын. Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз», — деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…