Categories Жайық news

Дональд Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті етіп «тағайындады»

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамп өзінің Truth Social парақшасында Уикипедиядағы өмірбаян үлгісінде жасалған скриншотты жариялады. Онда Дональд Трамптың 2026 жылдың қаңтарында Венесуэла президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны жазылған. Бұл ретте ол АҚШ президенті лауазымын да сақтап қалған.

Ресми түрде Венесуэла президентінің міндетін қазір Делси Родригес уақытша атқарып отыр. Жақында ол елдегі саяси тұтқындардың босатылатынын мәлімдеген. Осыған дейін 18 адам бостандыққа шықты.

Фото: Ақ үй

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…