Categories Қаржы

Stadler вагондары Қазақстанға 2026 жылдың маусымында жеткізілуі мүмкін

Сурет: Egemen Qazaqstan

Швейцариялық Stadler компаниясы шығарған алғашқы жолаушылар вагондары Қазақстанға 2026 жылдың маусым айында жеткізілуі ықтимал. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін талқылау кезінде депутат Қарақат Әбден жолаушылар вагондары паркін жаңартуға өткен жылы 65,5 млрд теңге бөлініп, толық игерілгеніне назар аударды. Бастапқы жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуге тиіс 68 вагон сатып алынуы керек еді. Кейін бұл көрсеткіш 51 вагонға дейін қысқарып, жеткізу мерзімі кейінге шегерілген.

Айдар Рысқұловтың айтуынша, алғашқы партиядағы вагондар техникалық талаптарға толық сәйкес келмегендіктен қабылданбаған. Атап айтқанда, тежеу жүйесіне қатысты бірқатар өзгеріс енгізу қажеттілігі анықталған. Қазіргі уақытта Stadler компаниясы анықталған кемшіліктерді өз қаражаты есебінен түзетіп жатыр. Сондықтан вагондарды жеткізу мерзімі барлық техникалық сәйкессіздіктердің жойылуына байланысты болмақ.

Егер қажетті жұмыстар уақытында аяқталса, алғашқы вагондар Қазақстанға осы жылдың екінші тоқсанында жеткізіледі. 2022 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Stadler арасында ұзақ мерзімді келісімшарт жасалып, оған сәйкес еліміздің жолаушылар вагондары паркін 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ жаңа вагондарда интернет желісіне қосылу мүмкіндігі қарастырылған. Интернет қызметі вагондар бағыттарға шығарылғаннан кейін кезең-кезеңімен енгізіледі.

Ұқсас жазбалар

Несие төлемін жеңілдететін жаңа жүйе іске қосылды

1 шілдеден бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Бірінші кредиттік бюро Finkelisim.kz платформасын…

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін бағалайтын Gender Index платформасы әзірленеді

Қазақстанда әйелдердің экономикадағы рөлін бағалауға арналған Gender Index аналитикалық платформасы әзірленбек. Бұл мемлекеттік саясатты жетілдіруге…

«Халық бухгалтері» акциясы 60 мың кәсіпкерге тегін көмек көрсетті

Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесіп, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен…