Categories Әлем

Таиландта бір ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко көз жұмды. Бұл туралы оның жақындары 8 маусым күні хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

36 жастағы азамат 2026 жылдың ақпан айында Таиландтың Пхукет аралында демалып жүрген кезде жағдайы күрт нашарлап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған ұйқы безінің жедел қабынуы мен панкреонекроздың ауыр түрін, сондай-ақ тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігін анықтаған.

Кейін науқастың жағдайы одан әрі күрделеніп, сепсис, екіжақты пневмония және бүйректің жедел зақымдануы тіркелді. Емдеу барысында Алексей бірнеше операцияны бастан өткеріп, жасанды комада жатқан. Ол ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде ем қабылдады.

Азаматтың тағдыры қоғам назарын аударып, мыңдаған адам оның жағдайын бақылап отырды. Көпшілік ем-дом шығындары мен медициналық эвакуацияға қаражат жинауға атсалысты.

Бір айдан кейін оны елге жеткізу мүмкін болып, 18 сәуірде Алексей Қазақстанға арнайы медициналық бортпен тасымалданды. Алайда Таиланд пен Қазақстан дәрігерлерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Марқұмның туыстары мен жақындары осы уақыт бойы қолдау көрсеткен және сауығып кетуіне тілек білдірген барша азаматқа алғыс айтты.

Ұқсас жазбалар

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…

Италиядағы Гарда көлі аптап ыстықтан миллиардтаған литр су жоғалтты

Италиядағы Гарда көлінде су деңгейі күрт төмендеп, тәулігіне 7,4 миллиард литр су жоғалтуда. Аптап ыстық…

Ресей билігі жанармай бағасы туралы деректерді жариялауды тоқтатты

Ресей үкіметінің статистика қызметі автокөлік жанармайының тұтынушылық бағасына қатысты мәліметтерді ресми есептерден алып тастау туралы…