Тоқаев Путинмен кездесіп, сапар жоспарын пысықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екіжақты күн тәртібіндегі түйткілді мәселелерді талқылады. Кездесу барысында Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұны нақтыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән берді. Екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру және бірлескен жобаларды ілгерілету жолдары қарастырылды.

Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздік пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл да назардан тыс қалмады.

Тараптар бұдан әрі диалогты жалғастыруға уағдаласты. Алдағы уақытта Путиннің Қазақстанға ресми сапарының нақты күні жарияланбақ.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.