Жамбыл облысының прокуроры лауазымына Жандос Әбдібаев тағайындалды

Сурет: Бас прокуратура

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жандос Нарымбетұлы Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, Жандос Әбдібаев еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары ол Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасы Аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың тамызынан бастап Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеген. Қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Пәкістанның солтүстігінде ірі мұздық опырылып, көшкін жүрді

Гилгит-Балтистан өңірінде тау беткейінен мұз, қар және тау жыныстарының қалың массасы төмен қарай сырғыған.

АҚШ-та аптап ыстықтан 25 адам қаза тапты

АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі ыстық ауа массасы 20-дан астам штатта температураны +38°C-тан жоғары көтерді. The Guardian…