«Келешек» оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына «Келешек» мектептерінің оқушылары белсенді қатысып жатыр. Бүгін олар сенбілік өткізіп, аулалар мен көшелерді тазалады.

Акция аясында оқушылар қоқыс жинап, ағаш көшеттерін отырғызды. Мұғалімдер де шәкірттерімен бірге еңбек етті.

«Біз табиғатты аялауға үйренуіміз керек. Осындай шаралар арқылы жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелейміз», – дейді мектеп директоры.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясына еліміздің барлық өңірінен мыңдаған адам қатысуда.

Ұқсас жазбалар

Астана айналма жолында 3-9 шілде аралығында қозғалыс шектеледі

3-9 шілде аралығында Астана айналма жолының 8-22 шақырым учаскесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа уақытша…

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.