Categories Спорт

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров дүниеден өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мәскеуде 81 жасқа қараған шағында танымал футбол маманы Владимир Гулямхайдаров өмірден озды. Бұл қайғылы хабарды Қазақстан футбол федерациясы жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бапкердің қазасы туралы мәлімет 15 маусымда жарияланды. Қазіргі уақытта өлімнің себебі айтылмады.

Владимир Гулямхайдаров Тәжікстанда туып, футболшы ретіндегі карьерасының көп бөлігін сол елде өткізген. 1996-2012 жылдар аралығында Қазақстан футболында жемісті еңбек етіп, бірнеше клубта әртүрлі қызмет атқарды.

Ол алматылық «Қайраттан» бөлек, «Локомотив Астана», «Тараз», «Мегаспорт» және «Сұңқар» командаларында жұмыс істеген.

Қазақстан футбол федерациясының дерегінше, Владимир Әлішұлы 1999 және 2001 жылдары Қазақстан кубогін жеңіп алған. 2004 жылы алматылық «Қайраттың» бапкерлер штабында қызмет етіп жүріп, Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған.

Марқұмның қазасы Қазақстан футболы үшін үлкен қайғы. Ол елдегі футболдың дамуына зор үлес қосып, көптеген ойыншылар мен мамандардың қалыптасуына ықпал етті.

Ұқсас жазбалар

Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады

Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады. Испанияға қарсы…

Александр Винокуровтың спорттық киімі Халықаралық Олимпиада музейіне табысталды

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың спорттық киімі Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада музейіне ресми түрде табысталды.

Роналдудың бұрынғы бапкері Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына тәжірибелі маман Жорже Жезушті тағайындауды жоспарлап отыр.